17 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы №358

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 2 тамыз , Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының  44-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9781 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті туралы ережеде: 1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді; 8-тармақ алып тасталсын; 14-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын: «4-1) жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау; 4-2) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырыстарды орналастыру туралы шешім қабылдау;»; 15-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;»; 23-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) ведомстволық бағынысты ұйым басшысын, оның орынбасарларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлікпен келісу бойынша тағайындайды;». 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын; 3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ. БИШІМБАЕВ